Бақытты балалық шақ - бақытты болашақ.
Қазіргі уақытта оқушылардың психологиялық денсаулығын қорғау және сақтау ең маңызды болып саналады, себебі қазіргі қоғамда баланың тұлғасының дамуына кері әсер ететін көп факторлар бар, сондай факторлардың біреуі бала еңбегін заңсыз пайдалану. Осы жылы балалар еңбегіне қарсы күрестің Дүниежүзілік күні «Балалар еңбегі – үй қызметкері жоқ!» ұранымен өтуде. Оқушылардың күйзелісін көтеру қабілетін арттыру мақсатында №7 ЖОББББММ мектеп жанындағы «Достық» кешенінде 3 сынып оқушыларына арналған экспресс - тренинг өткізілді, оның мақсаты балалар арасында беймазалық деңгейін азайту, бала бойындағы үрейлі жұмысы, өзін - өзі бағалау деңгейі арттыру болып табылады. Тренинг кезінде балаларға өз құқықтарын, өз ой пікірлерін қорғауға үйретеді. Дайындық жаттығулары оқушылардың топта коммуникативтік білм біліктіліктерін дамытуға және топта жұмыс істеуге қабілетін арттырады.