Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-57-10 Басшы:62-45-15
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да - 27
нет - 11
незнаю - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2013 жылы қазанның бесінде Астана қаласында « Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі» атты қазақ тілі мұғалімдерінің форумы өтті.
09-10-2013 10:09

Республикалық  қазақ тілі мұғалімдерінің форумы

 

2013 жылы қазанның  бесінде  Астана қаласында « Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі» атты қазақ тілі мұғалімдерінің форумы өтті. Бұл форумға  Білім және ғылым министірлігі өкілдері, Мәдениет және ақпарат министірлігі, Тіл комитеті, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы өкілдері  және әр облыстан  келген ұстаздар , жаңа ашылған Зияткерлік мектептердің мұғалімдері қатысты. Форум Физика-математика бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті. Пленарлық мәжілісті кіріспе сөзбен НЗМ басқарма төрайымы К. Шамшиденова ашты. Мәжілісте «Тіл – оқыту мақсаты, тіл – білім алу құралы» атты тақырыппен Ұлыбританиядан келген профессор, Билингвалдық оқытуды басқару және әзірлеу бойынша кеңесшісі Питер Мехито сөз сөйледі. Сонымен қатар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының аға менедждері Ж.Абуов және Л. Нұрқаева өз баяндамаларын оқыды.

Форумның екінші бөлімінде Көкшетаудан, Қарағандыдан , Шымкенттен,  т.б қалалардан келген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері жаңа талаптарға сай  кіріккен сабақтар көрсетті.

Форумның аяғында барлық мұғалімдер қайта бас қосып диалог алаңына жиналды. Мұнда өз пікірлерімен ,  ұсыныстарымен бөлісті. Павлодар облысынан осы форумға 10 мұғалім қатысты.

                                                      №7 мектеп мұғалімі  Медеуова С.А.