Телефон доверия
email: sosh7@goo.edu.kz
Адрес: 140000 г.Павлодар, ул.Пл.Победы, 13
Приемная:62-57-10 Номер руководителя:62-45-15
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Дни приема руководителя граждан по личным вопросам: Вторник: 14.00-16.00 Пятница: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да - 27
нет - 11
незнаю - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң!
03-09-2014 06:09
Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң!

 Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция.  Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.  Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995).

   Жүрегі елім деп соғатын әрбір қазақ азаматының тәуелсіздік мерекесімен тең дәрежеде тойлауға тиіс тағы бір ұлы күні келіп жетті. Ол – 30 тамыз – Конституция күні. Барлық құжаттарымызды заңмен рәсімдеп, заңның құзіреттілігімен еңбек етіп, заңды еңбек демалысын алып жүрген, заң бекіткен құқығын пайдаланып, келешек ұрпақты тәрбиелеуге қызмет етіп жүрген әріптестерім сіздерді барлық заңның атасы Конституция күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, заң бұзушылық әрекеттер азайсын деп тілек білдіргімізкеледі.
Бұл күн – барша қазақстандықтар үшін ұлы күн.