Қазан айы «Азаматтық құқықтану және құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы» болып жарияланды.
Қазан айы «Азаматтық құқықтану және құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы» болып жарияланды. №7 ЖОББББМ мектебінде осы тақырыпқа арналған «Құқық бұрышы» және «Адамгершілік біздің өзімізде» атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды. «Құқық бұрышы көрмесі» адам мен қоғамның өзара әрекеті, құқығы мен міндеттері жайындағы кітаптар мен баспа материялдарынан құралған. «Адамгершілік біздің өзімізде» көрмесі адамгершілікке тәрбиелеуге жол ашады. Онда ғибрат, рақым, руханилықты сөз ететін әдебиеттер ұсынылған.