№7 ЖОББББММ 7 «Б» сынып оқушыларының А.Гайдар атындағы Орталық балалар кітапханасында болуы
30 қазан күні 7Б сынып оқушылары Гайдар атындағы Орталық балалар кітапханасында болды. Оқушылар 1-4 және 4-11 сынып оқушыларына арналған оқу залдарын шолып өтті. Кітапхананың кітап қорымен танысып, кітапхана тарихынан мәлімет тыңдады.
Кейін кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бала құқығы – мемлекет мәселесі» атты конкурстық ойын өткізілілді. Бұл ойында оқушылар күнделікті өмірде болатын жағдайлар мен мәселелерді сөз етті. Өз құқығын, мемлекет заңдылықтары мен міндеттемелерін білу Тәуелсіз Қазақстан азаматтарын тәрбиелеудің негізгі шарты болып табылады.
Оқушылар ризашылықпен тарасып, кітапханаға тағыда шақырту алды.