Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да - 27
нет - 11
незнаю - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы «Қазақ күресінен» турнир»
28-11-2016 08:26
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы «Қазақ күресінен» турнир»

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы «Қазақ күресінен» турнир»

2016 жылдың қараша айында 26-сы күні Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беру бейіндік бейімдеуге мамандырылған мектебінің базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 2003-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы «Қазақ күресінен» турнирі өткізілді. «Қазақ күрес» турнирінің ережесі Павлодар облысының білім берудегі спорт және дене шынықтыру басқармасының аймақтық орталығымен келісілді және 9 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді.Сайысқа Павлодар қаласы мен ауданының келесі мектептері мен спорт клубтарының командаларынан: ДШК «Сұнқар», ДПК «Эмеральд», ДПК «Дос», ДПК «Өркен», БЖСМ №1, Карасноармейка ЖОББМ, Бесқарағай спорт мектебі, №21 ЖОББМ, №30 ЖОББМ, №37 ЖОББМ, №7 ЖОББББММ, барлығы 72 сайыскер қатысты. Бұл іс-шараның басты мақсаты: жас өспірімдерді салауатты өмір салтына, спортқа баулу, ұлттық спорт түрін қадірлеу, өз елінің патриоты етіп тәрбиелеу. Аталған іс-шараға құрметті қонақтар қатысты: Павлодар облысының білім берудегі спорт және дене шынықтыру басқармасының аймақтық орталығының маманы Мейрам Оразбайұлы Баймульдин, Павлодар қаласы Білім беру бөлімінің әдіскері Назымбек Жапишевич Тасыбаев, КСРО одағының спорт шебері, Қазақстан Республикасының қазақ- күресінен жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Еркінбек Қаданұлы Шактеков, Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Ерлан Канапияұлы Сыздыков, ауған соғысының ардагері Ержан Қабылұлы Кайсаринов. Турнир салтанатты түрде ашылды: көк Ту көтеріліп, Әнұран орындалды. Іс-шараға барлық палуандар белсене қатысып, сайыс соңында жеңімпаздар анықталды. Барлық жеңімпаздар грамоталармен және медальдармен марапатталды. Біздің мектептен 11 оқушы қатысып, оның ішінде 7 палуан жүлделі орындарға ие болды. Өз салмақ дәрежесінде І орынға ие болғандар: 5 «А» сынып оқушысы Амангелді Ерсұлтан, 6 «Б» сынып оқушысы Сейтен Габит, 7 «Б» сынып оқушысы Құсайын Жоламан. 2-ші орынға 7 «А» сынып оқушысы Мағауия Айхан, 3-ші орынға 7 «А» сынып оқушысы Нуржанов Шыңғыс, 5 «Б» сынып оқушысы Сагатов Мейірбек иеленді. Жеңімпаз палуандарымызды құттықтаймыз!