«Менің отбасым - менің байлығым»
12 қыркүйек күні республикалық отбасы күні шеңберінде 6 "В" сыныпта ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен "Менің отбасым - менің байлығым" атты сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты балалардың барлық отбасы мүшелеріне деген сыйластық қасиеттерін тәрбиелеу; коммуникативтік-құзыреттіліктерін дамытуға жағдай жасау; отбасында мейірімділік пен өзара дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу, үй шаруасына түсінушілікпен қарап, адал болуды үйрету. Оқушылар өз отбасының дәстүрлері мен қызықты сәттерін әңгімелеп, өлеңдер оқып, сұрақтарға жауап беріп, отбасы жайлы мақалдар құрастырды.