«Ғаламтор және балалар» атты дебат өтті.
9 «А» сыныбында ғаламторға тәуелділіктің алдын алу «Қауіпсіз интернет» айлығы аясында «Ғаламтор және балалар» атты дебат өтті. «Ақиқат» және «Парасат» топтары ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы ойларын ортаға салды. Статистикалық мәліметтер, оқушылардың сауалнама қорытындысы жарияланды. Дебат тартысты өтті. Екі фракция өкілдері де Тулегенова Дильназ бен Аспандияров Диас өз қарсыластарына ғаламтордың кемшіліктерін нақты фактілермен атап берді. Ал «Ақиқат» тобының мүшелері Жунусова Лаура мен Шамен Шаммухамедтің ғаламторды мақтаулары қызықты да жан-жақты талқылау болды. Іс-шара соңында көрермендер баға беріп, сарапшылар Саясат Сая мен Ақпергенова Камила қорытынды жасады.