Бүгінгі күнде Интернет қараңғы тұйық көшеден де қауіпті болып табылады. Сондықтан баланың алғашқы қадамдарынан-ақ Интернетте өзін сенімді сезініп, бірте-бірте сақ болуды және интернеттің жағымсыз әсерінен дұрыс қорғануын үйретуді өз қамқорлығымызға алуымыз керек.
Осыған орай Павлодар қаласының № 7 ЖОББББММ-да 2017 жылдың 10- 21 сәуір аралығында 1-11 сынып оқушылары арасында "Қауіпсіз интернет" атты іс-шаралар өткізілді. Осы іс-шараның жоспарына: жалпы мектептік жиын, сынып сағаттары, суреттер, шығармашылық жұмыстар сайысы, шығармалар сайысы, дебаттар, психологтармен әңгімелесу, семинар, мен ата-аналар жиналысы енгізілді.
14 сәуір күні 6 сынып оқушылары арасында "Қауіпсіз интернет" атты шығармашылық жұмыстар сайысы өткізілді. Сайыстың негізгі мақсаты - - оқушылардың назарын қауіпсіз интернет тақырыбының өзектілігіне аудару, дербес деректерді және компьютерлерді қорғау ережелері туралы ақпараттандыру, әр түрлі интернет-ресурстарының ақпараттық толықтырылуына оқушылардың дұрыс және барабар қарым-қатынасын насихаттау. Оқушылар өз жұмыстарын түрлі-түсті презентациялар мен постерлер түрінде ұсынды.
Сақтансаң, сақтайды