«Ерке ханшайым» жобасы
![«Ерке ханшайым» жобасы](/media/img/blogs/593ec9e4b609b.jpg)
Қалалық саябақта «Жас дарын» балалардың бос уақытын қамту орталығының ұйымдастыруымен қалалық «Ерке ханшайым» жобасы аясында «Ертіс әншісі» сайысы өтті. №7 ЖОББББММ Ұзақбай Еркебұлан, Бопышева Аружан, Джардамхан Арайлым, Мантай Сәнсұлу, Жұмабай Әзілхан 5 адамнан құралған «Жас толқын» тобы қатысып, ең шығармашыл белсенді топ ретінде грамотамен марапатталды.