Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: sosh7@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-57-10 Басшы:62-45-15
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
иә - 27
жоқ - 11
білмеймін - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы мұражай-үйіне саяхат. (5 «Б» сыныбы)
08-12-2017 09:21
Майра Шамсутдинова атындағы ән  шығармашылығы мұражай-үйіне саяхат. (5 «Б» сыныбы)

7 желтоқсан күні №7 ЖОББББМ мектебінің 5«Б» сыныбының оқушылары сынып жетекшілері Баядилова Асем Қанатқызымен бірге Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы мұражай- үйіне экскурсияға барды. Мұражай 30 қаңтар күні Павлодар облысының әкімі қолдауымен 2001 жылы ашылған еді. Қазіргі танда бұл ғимарат архитектуралық ескерткіш болып есептеледі, оны татар байы Абдул-Фатах Рамазанов 1900 жылы салған.
Мұражай қызметкері оқушыларды өте жылы қарсы алып, әншінің өмірбаяны, тұрмыс-салты, оның еңбегі, шығармашылығы туралы толық мағлұмат берді. Майра Уәлиқызы Шамсутдинова Ертіс елінен шыққан халқымыздың асыл қызы, ән өнерінің шоқ жұлдыздарының бірі, асқан дарынды, әнші-композитор.
Музей eкі экcпозициялық залдaн тұрaды. Экспозициядa Мaйраның өмiрі мен шығармaшылығын көрсететін фотoлар, құжaттар көрсетiлген. Сонымен қатар Мaйра Шамсутдинoваның тұрмыcта пaйдаланған заттарын көруге болады. Өткен ғасырдағы аты әйгілі қазақтың әнші қызы Майра маңындағы өнерлі, әйгілі әнші, ақын, спортшы адамдардың да аттары аталып, олардың фото-құжаттары көрсетілді. Естай Беркимбаев, Иса Байзаков, Амре Кашаубаев, Кали Байжанов, Қажымұқан есімдерін естігенде, оқушылар да өз білгендерін айтып, барлық ақпаратты қазыға тыңдады.
Әншінің киген киімін, қолданған ыдысын, ойнаған гармонін өз көздерімен көріп, мұқият тыңдаған оқушылардың қуанышында шек болмады. Экскурсия соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, мұражай қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Сынып жетекішісі: Баядилова А.К.