2018 жылғы 1 -12 ақпан аралығында №7 ЖОББББММ мектебінде
«Өзін –өзі тану» пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті. Онкүндіктің мақсаты - оқушылардың өзін-өзі тану пәндерінен инновациялық нысандары мен әдістерін қолдану арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарын жарыққа шығару, ізденімпаз-зерттеушілік дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Онкүндікте «Анама сыйлық» қолдан жасалған бұйымдар көрме,
«Өнеге отбасынан» тәрбие сағаты, «Өмір құндылықтары» атты тренинг.
«Сүйіспеншілік –өмір өзегі» сахналық қойылым, «Жүрекке жол тапқан- мейірімді ана Сара Алпысқызы» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.
Оқушылар шараға қызығушылықпен, жауапкершілікпен ат салысты. Яғни мақсатымыз орындалды деген сенімдеміз
№7 ЖОББББММ мектебінде «Өзін –өзі тану» пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті