Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
да/нет/незнаю - 22
Всего проголосовало: 22
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Рухани жаңғыру бағдарламасы және Наурыз мерекесіне орай жасөспірімдер арасындағы «Қазақ күресінен» турнир»
17-03-2018 17:07
«Рухани жаңғыру  бағдарламасы  және  Наурыз мерекесіне  орай жасөспірімдер арасындағы «Қазақ күресінен» турнир»

2018 жылдың наурыз айының 17 күні Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беру бейіндік бейімдеуге мамандырылған мектебінің базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Наурыз мерекесіне орай жасөспірімдер арасындағы «Қазақ күресінен» турнир» өткізілді.
«Қазақ күрес» турнирінің ережесі Павлодар қаласының білім беру бөлімі Павлодар облысының білім берудегі спорт және дене шынықтыру басқармасының аймақтық орталығымен келісілді және 6 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді.Сайысқа Павлодар қаласы мен ауданының келесі мектептері мен спорт клубтарының командаларынан: ДПК «Өркен», №17 ЖОМ, №21 ЖОМ, №22 ЖОМ, №24ЖОМ, №37ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, №25 ЖОМ, Лебяж ЖОМ, №7ЖОМ, барлығы 70 сайыскер қатысты.
Бұл іс-шараның басты мақсаты: жас өспірімдерді салауатты өмір салтына, спортқа баулу, ұлттық спорт түрін қадірлеу, өз елінің патриоты етіп тәрбиелеу.
Аталған іс-шараға құрметті қонақтар қатысты: Павлодар облысының білім берудегі спорт және дене шынықтыру басқармасының аймақтық орталығының маманы Мейрам Оразбайұлы Баймульдин, Павлодар қаласы Білім беру бөлімінің әдіскері Назымбек Жапишевич Тасыбаев, Павлодар облысының ІІД арнайы дайындық басқармасы бөлімшесінің басшысы, полиция подполковнигі және қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Ерлан Канапияұлы Сыздыков.
Турнир салтанатты түрде ашылды: көк Ту көтеріліп, Әнұран орындалды. Іс-шараға барлық палуандар белсене қатысып, сайыс соңында жеңімпаздар анықталды. Барлық жеңімпаздар грамоталармен және медальдармен марапатталды.
Біздің мектептен 9 оқушы қатысып, оның ішінде 4 палуан жүлделі орындарға ие болды. Өз салмақ дәрежесінде І орынға ие болғандар: 8«А» сынып оқушысы Қасымжан Азат, 8 «Б» сынып оқушысы Нұрбай Саят. 2-ші орынға 7 «Б» сынып оқушысы Сейтен Ғабит, 3-ші орынға 9 «А» сынып оқушысы Нұртай Серім.
Жеңімпаз палуандарымызды құттықтаймыз!