2018 жылы 4 маусым күні Павлодар қаласы, № 7 жалпы орта мектебіндегі «Достық» жазғы сауықтыру лагерінде «ҚР Рәміздер күніне» арналған мерекеге байланысты оқушылармен танымдық іс-шара жүргізілді. Іс-шараның мақсаты оқушылардың патриоттық сезімін ояту, отанды сүю, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, мемлекеттік нышандар жайлы мәліметтер көрсетілді. Мемлекеттік рәміздер жайлы сұрақтар қойылды, балалармен отансүйгіштікке баулу мақсатында әңгіме жүргізіліп, тақпақтар айтылды. Соңында тақырыпқа байланысты сурет байқауы өтті. Сонымен қатар, профильдік лагердің «Қолөнер-сырлы өнер» тобының балалары да Павлодар қаласының төменгі жағажайда ҚР Рәміздер күніне арналған «Жаңа толқын» атты қалалық асфальтта сурет салу сайысына белсенді қатысып, салған суреттерінің мағынасын ашып қорғай білді.
4 маусым – «Рәміздер күні»