Мектеп Президентінің сайлауы
№7 ЖОББББММ-де мектеп Президентінің сайлауы өткізілді. Сайлауға 7-11 сыныптар арасынан 8 үміткер қатысты. Оқушылар өздерінің жобаларын қорғады. Әділқазылардың шешімі бойынша 11 сынып оқушысы Байдюсен Т. мектеп Президенті болып сайланды. Қалған оқушылар министрлер және көмекшілер қызметін атқарады. Мектептің жас басқарушыларына алдағы уақыттағы жұмыстарына жеміс, шығаршашылық табыс тілейміз! Біз сендерге сенеміз! Алға!