Ауған соғысының 30 жылдығына орай, 2019 жылғы 13 ақпан күні мектебімізде ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан интернациолист-жауынгер, мектеп түлегі Андрей Викторович Ерченконың құрметіне арналған мемориалдық тақтаны салтанатты ашу рәсімі өтті. Аталмыш іс-шараның қонақтары - ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.К.Смагулов, Ерченко А.В. қарындасы Л.В.Кимошева, ауған соғысының ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер - Мұстафин О., Тұрлыбеков Т., қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыру жұмысы секторының меңгерушісі А.Ж.Хасенова. Сонымен қатар №11, 34 мектептердің оқушылары, ұстаздары салтанатты жиынға қатысты. Жиын барысында ауған соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапқан А.В.Ерчонконың қысқаша өмірбаянымен таныстырылып, қонақтарға сөз берілді. Сұрапыл соғысқа қатысып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне үнсіздік жарияланып, гүл шоқтары қойылды.
Андрей Викторович Ерченконың құрметіне арналған мемориалдық тақтаны салтанатты ашу рәсімі