2019 жылғы 19 наурыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде «Қазақ күресі» ашық қалалық турнирі өтті. Турнирге жалпы 11 команда қатысты: «Дос» спорт клубы, «Сауран» спорт клубы, №7 ЖОМ, №22 ЖОМ, №25 ЖОМ, №21 ЖОМ, №10 ЖОМ, №37 ЖОМ, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, №35 ЖОМ. Аталмыш іс-шараның құрметті қонақтары: ҚР-ның спорт ардагері, білім үздігі – Қайырбек Қинанұлы Шегебаев, аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының бас маманы - Мейрам Оразбайұлы Баймульдин, қазақ күресі бойынша облыстық аға жаттықтырушы, спорт мектебінің бас жаттықтырушысы- Бауыржан Айтқалиұлы Тұрсынғамбетов, Қазақ күресінен ҚР –ның 2 дүркін чемпионы, спорт шебері- Қайыргелді Тайкенұлы Башетов. Бас төреші Қайса Қабдул-Окапұлы Құсаинов, хатшы – Ерланбек Еркебайұлы Сембаев.
Палуандар 12 салмақ категориясы бойынша бақ сынасты. Атап айтсақ: 29 кг. Салмақ категориясы бойынша Альфарабиұлы Бекзат, 35 кг. Салмақ категориясы бойынша Бауыржан Бейбарыс, 38 кг. Салмақ категориясы бойынша Альфарабиұлы Айзат, 42 кг.салмақ категориясы бойынша Омаров Тамерлан І орындарды иеленді. Барлық жеңімпаздарға мадақтамалар мен медальдар табысталды!