«Химик-зерттеуші» ІІ Халықаралық Үздік ғылыми жоба сайысы
Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 6-7 сәуір аралығында 8-11 сынып оқушылары үшін химия бағыты бойынша «Химик-зерттеуші» ІІ Халықаралық Үздік ғылыми жоба сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу, мектеп оқушыларының химия саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және ынталандыру.
Аталмыш сайысқа мектебіміздің 8 «а» сынып оқушысы Тұрарбекова Назерке қатысып, 3 жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі Ж.Хавдыл алғыс хатпен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!