2019 жылғы 18 сәуірде сағат 9.00 ден 13.00-ге дейін білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес Павлодар қаласының № 7 ЖОМ (Жеңіс алаңы, 13) «Білім беруді бейіндеу жағдайындағы табысты тұлғаны қалыптастыру» атты инновациялық қызметінің қорытындысы бойынша қалалық сараптамалық кеңес өткізілді.
Аталмыш шара «Митап» форматында өткізіліп, пікірлес адамдар тәжірибелерімен алмасты. Митаптың - істе, үйрен, бөліс, алмас деген 4 ережесі бойынша № 7 ЖОМ-нің директоры Бекбосынова Х. В «Білім беруде табысты тұлғаны қалыптастыру», Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің психология кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі - Матаев Берік Айтпаевич - «Заманауи мектепте жеке тұлғаны қалыптастырудағы психологиялық аспектілері», Павлодар қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Сарбасов Нұрлан Сагындыкович «Инновациялық мектепте жеке тұлғаны қалыптастыру үшін негізгі шарттар» тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлердің қарастырып отырған сұрақтары бойынша «Open Space»технологиясын қолдану арқылы химия, география, физика пәндерінен ашық сабақтар мен ағылшын тілі, жаратылыстанудан арнайы курс өткізіліп, психологиядан оқушылар ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру бойынша «Тимбилдинг» өткізілді. Табысты оқушыдан – табысты тұлға қалыптастыру сабақтардың ерекшелігі болды.
Эксперттік кеңестің қорытынды бөліміндеболжаудың, келешекті қалыптастыру мен болжауды құзіреттілік дамытудың құралы ретіндеФорсайт - сессия өткізілді. Форсайт-сессияның өткізілуі үшін заманауи білім берудің үш тренді берілді:
- «Өз құзыреттілігін жоғарлату үшін тәжірибелік нақтылы дағдыны қалыптастырып оқыту».
- «Серіктестік – тиімді шешімді таратудың қайнар көзі».
- «Smart-оқыту».
Эксперттік кеңестің қатысушылары топтарда жұмыс істей отырып, форсайт сессияның тақырыбын ашты.
Сессия барысында мектептің дамуындағы күтілген нәтижелердің мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері анықтлып, бәсекелестікке қабілетті мектеп түлегін, оның бейнесін құрастыратын «жол картасы»,стратегиялық жоспар құрылды.