«Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?»
5 «а» сыныбында Қазақстан Республикасының Конституциясына орай «Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?» тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету. Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Оқушылар Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсініп, бүгінгі өмірмен байланыстыра білді. Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы оқушылар өз көзқарасын білдірді.