«Рухани жаңғырудың негізі Абайдан бастау алады.Сондықтан бүгін Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беру бейіндік бейімдеуге мамандандырылған мектебінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және «Абайтану» әдеби – сұхбаттасу кешіне бағытталған іс-шара барысында Республикамыздың көрнекті Абайтанушы Асенов Даниял Сабырұлы мектебімізге қонаққа келді. Мектеп басшысы мен мектеп оқушылары мектеп алдында тұрып, жылы шыраймен қошеметтеп қарсы алды. Іс – шара барысында Абайтанушы Даниял Сабырұлы Ұлы тұлға Абай Құнанбаевтың қара өлеңдері мен нақыл сөзін орындап, мектеп оқушыларын тәнті етті. Даниял Сабырұлының және оқушылардың назарына мектебіміздің мақтанышы 9 «А» сынып оқушысы Ешанова Аружан Абай атамыздың өлеңінен оқып берді. Даниял Сабырұлының айтқан әрбір дана, дара сөздері адамгершілік пен ғибраттылыққа толы болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біз тұлғатану бағытын таңдап алдық. Әрине, оның басында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев тұр. Рухани жаңғыру деген - тіл, рухани жаңғыру деген – Абай, рухани жаңғыру деген – Алаш. Сондықтан біз осы бағыттарды насихаттап халықтың, әсіресе, жастардың санасына сіңіру, жүрегіне жеткізу мақсатында өткіздік.
«Рухани жаңғырудың негізі Абайдан бастау алады.