Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да - 27
нет - 11
незнаю - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жануарлар қайда тіршілік етеді?»
16-10-2019 15:04
«Жануарлар қайда тіршілік етеді?»

    16-қазан күні  бастауыш сынып мұғалімі Толегенова Жанбота Толегеновна жаратылыстану пәнінен «Жануарлар қайда тіршілік етеді?» тақырыбында, 3 «б» сыныбына ашық сабақ өткізді. Сабаққа оқу – әдістемелік баға беру мақсатында бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестік меңгерушісі Шолпан Шаханқызы Қайырғазина, директордың оқу тәрбиесінің меңгерушісі Алия Тұрсынқызы Шаймерденова және де мектептің пән мұғалімдері қатысты. Сабақ барысында түрлі ойындар ойнатылып, балалардың қызығушылығын арттырды. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы , балармен қарым-қатынасы өте жақсы болды. Сабақ басталмас бұрын, балалардың көңілін көтере отырып, қима-қағаздар арқылы топқа бөлді. Ашық сабақ барысында балаларды сергіту мақсатында «Галереяға саяхат» атты тапсырма жұмысы орындалды. Оған қоса балалар сергіту сәті кезінде тақырыпқа сай  «Аю» атты әнімен биледі.Ашық сабақ барысында үш тілділік те қолданылды.Топтарға: биологиялық диктант, сәйкестендіру, төртінші артық, иә-жоқ тапсырмалары берілді. Сабақтың көрнекілігі  ретінде көптеген плакаттар мен суреттер,смайликтер, оған қоса интерактивті тақта қолданылды. Бағалаудың бас бармақ, бағдаршам, қол шапалақтау және де т.б. әдіс-тәсілдері  қолданылды. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Келген қонақтар риза болып, өздеріңе керекті көптеген әдіс-тәсілдерді алды.

     Сынып жетекшісі: Толегенова Жанбота Толегеновна