«Қамқоршы күні»
![«Қамқоршы күні»](/media/img/blogs/5db2a24248867.jpg)
Мектебімізде 24 қазан күні «Балаларға мейірімділік сыйла» қайырымдылық акциясы шеңберінде «Қамқоршы күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға қамқорға алушы ата-ана, мектеп ұжымы қатысты.Мереке күні мектеп әкімшілігі қамқоршыларды құттықтап, оларға сыйлықтар табыстады. Іс-шараға мектеп оқушыларының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.