Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: sosh7@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
да/нет/незнаю - 22
Всего проголосовало: 22
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Абай мұрасы-халық қазынасы"
23-10-2019 13:22

23 қазан 2019 жылы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері  М. М. Катаева "Рухани жаңғыру" кабинетінде қазақ халқының ұлы ақыны, философ-гуманист, композитор Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтті. Оқушылар сарайының "Жас екпін" үлгілі ансамблінің тәрбиеленушілері, № 1 өнер мектебінің оқушылары "Абай мұрасы-халық ұлағы" әдеби-музыкалық қонақжайына қатысты. Сонымен қатар және № 7 ЖОББББММ- нің оқушыларымен барып қайтты.

Әдеби-музыкалық қонақжайдың қонағы абайтанушы, қоғам қайраткері, Журналистер Одағының мүшесі және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі - Даниял Сабырұлы Асенов болды. Даниял аға Абайдың өлеңдерін оқып, белгілі ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы көп қызықты әңгімелеп берді.

Балалар Абайдың өмірі туралы деректі фильмді тамашалап, Абайдың "Ғылым таппай мақтанба", "Жасымда ғылым бар деп, ескермедім", "Күз", "Әсемпаз болма әркеге", "Құлақтан кіріп бойды алар", "Өлең сөздің патшасы", "Тоты құс түсті көбелек"өлеңдерін жатқа оқыды.

Оқушылар сарайының "Жас екпін" үлгілі ансамблі тәрбиеленушілерінің орындауында "Қос алқа"күйі шырқалды.

- Абай өзінің шығармашылығымен Тіл-халықтың жанды жаны екенін дәлелдеді. Әрбір тіл-бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениет - әлемдік өркениетке баға жетпес үлес, - деді Даниял Асенов.