19 ақпанда 3 «а» сыныбында «Менің жанұям» атты мерекелік ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысына 14 отбасы қатысты. Мерекелік ата-аналар жиналысы бірнеше тапсырмалардан тұрды. Бірінші тапсырма аналарға арналған: «Өз балаңды даусынан, қолынан тану».Екінші тапсырма балаларға арналды: «Әнші болып ән салу.Мысықты құйрығынан басқанда қандай дыбыс шығарады? Жұмбақтың шешемін табу. Ойды жалғастыру (Менің мақтан тұтатын адамым, ол - анам, өйткені . . . .)».Үшінші тапсырма әр жанұяға берілген жағдаяттарды шешу.Төртінші тапсырма: таратылған суреттерге (ағаштар, гүлдер, көгершіндер, машина,бұлттар) баршаға арнап бір тілек жазу. Бесінші тапсырма: әр жанұя өздернің сүйікті астарын қорғау.
Мерекелік ата-аналар жиналысы өз деңгейіне жетті деген ойдамыз.