«Тұмаудан сақтану амалдары» тақырыбында сынып сағаты
Бүгін 22.09.2020ж 1 «Ә» сыныбында «Тұмаудан сақтану амалдары» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға денсаулықтарын күту керек екендігін және әр түрлі вирустардың алдын алу шараларын қолдануға үйрету.
Оқушыларға тұмаудың алдын алу мақсатында, профилактикалық іс-шаралар туралы мағлұмат таратылды, инфекцияның таралу жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қосымша ақпараттар берілді.