Денсаулық күні.
8 қыркүйекте денсаулық күні өткізілді.
Оны 1 сынып оқушылары мектеп стадионында өткізді. Әр түрлі спорттық сайыстарға қатысты. 2-4 сынып оқушылары қалалық жағажайда көңілді жарыстарға қатысты. Онда олар өздерінің спорттық біліктіліктерін, икемділіктерін көрсете білді.
5-11 сынып оқушылары денсаулық күнін Усолка өзенінің жағалауында өткізді. Онда балалардың командада жұмыс істей алуларын, ұжыммен бірлестікте болуларын көрсеткен жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық жарыстардан басқа оқушылар үстелді безендіру бойынша да таланттарын көрсете білді.
Денсаулық күнінің қорытындысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20- жылдығын тойлауға арналған Даңқ апталығында жасалатын болады.
№ 11ОПШМТбаспа-орталығы.