Сенім телефоны
8 (7182) 32 49 27
email: sosh11@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Жеңіс алаңы көш., 3/1
8 (7182) 32 50 66
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын сағат 16:00-18:00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әдістемелік күні.
04-12-2013 10:48

3 желтоқсанда 11 МҮЖОБББМ аттестациядан өтетін мұғалімдердің әдістемелік күні өтті. 8-1 ағымда қазақ тілінен Орталық Қазақстан табиғаты деген тақырып бойынша ашық сабақ көрсетілді. Пән мұғалімі Әбілева Сәнбира Айдарханқызы.  Сабаққа қаланың қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, 7 ЖОМ мұғалімі Смағұлова С. М., 41 ЖОМ мұғалімі Дүйсенова Д. Қ. және мектеп мұғалімдері қатысты. Сабақта жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері жүргізілді. Қатысқан мұғалімдер сабақты жоғары деңгейде өткізілгенін айтты.Олар сабақтағы қолданған сын тұрғысынан ойлау, АҚТ, Жанпеисова технологияларын атап өтті. Оқушылардың сабақтағы белсенділігі басым болып, тілдесім және сөйлесім әрекеттері талапқа сай екендігі туралы тұжырым жасады.

    Оқу ісінің меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жолдасбекова Күлкен Жұмаханқызы шеберлік сағатын көрсетті. Күлкен Жұмаханқызы инновациялық технологияларды қазақ тілі сабақтарында қолданудың тиімділігі жайында сөз қылды. Онда ойын түрлері, сын тұрғысынан ойлау, АҚТ технологияларының материалдарын ортаға салып, тиімді стратегиялар,әдіс-тәсілдерді іс жүзінде көрсетті. Шеберлік сағаты қатысқан мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, көңілінен шықты.

Әбилева С.А.