Бүгін, 1 наурыз күні мектебімізде жаңадан Қазақстанда аталып отырған мерекелердің бірі - Алғыс күні тойланды. Бұл мереке қарсанында мектебімізде бірнеше іс шаралар атқаралды: мектеп кітапханасында "Алғыс білдіремін" атты кітап көрмесі, "Мемлекеттік тілді кітап сыйла" атты акция, "Ұстазға алғыс" сурет көрмесі, " Ата-анама алғыс" атты шығармалар сайысы өтті. Бүгін "Алғыс айту парызым" атты сынып сағаттары өтті. бұл сабақта оқушылар мерекенің шығу тарихымен, павлодар облыстық мемлекеттік мұрағат қызметкерлерінің әңгімелерін тындап, түрлі сайыстарға қатысты.