6 «А» сыныбында ұжым бірлестігі тренингі өткізілді.
6 «А» сыныбында ұжым бірлестігі тренингі өткізілді.
Ұжымның жағымды ахуалы – кез-келген ортақ істің табысы маңызды болып
табылады. Жағымды психологиялық ахуал - ортақ оқудың, еңбектің жемісі. Әр
оқушы жеке мінез-қылығымен, көзқарасымен, оқу үрдісін қабылдау ерекшелігімен
дараланады. Оқу үрдісі табысты болу үшін жеке ерекшеліктерінің тиімді болуы
шарт. Сондықтан тренинг жүргізудің негізгі мақсаты – асыл қасиеттерді анықтау
болып табылады. Тренинг міндеттері: дәстүрлі емес байланыс жасау, жеке дара
сүйіспеншіліктерді арттыру; ұжым арасында жағымды қарым-қатынас жасауға
тарту; мәселелерді ортақ шешу және оны бірге тындыруды қалыптастыру; сынып
татулығын психологиялық және эмоционалдық тұрғыдан тиімді деңгейге арттыру.
Тренинг ойын түрінде өткізілді, оқу үрдісі алдында оқушыларға қобалжу мен
толқудан арылуға қолдау көрсеткен жөн. Сынып ұжымында белсенділік танытуға
тартқан жөн.