9 мамыр Жеңіс күніне арналған құттықтау
Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында мектебіміздің ұжымы ардагерлерді ұлықтап, мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат білдірді.
Қымбатты ардагерлер!
Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін.