Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Президент Қ. Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауындағы негізгі қағидаларын талқылауға арналған ұжым отырысы өтті.
15-09-2021 15:03
Президент Қ. Тоқаевтың
2021 жылы 15 қыркүйекте Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебінде Президент Қ. Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауындағы негізгі қағидаларын талқылауға арналған ұжым отырысы өтті. Аталған іс-шараға 72 педагог қатысты.                                 
         Мектеп  ұжымы Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауын жылы қабылдап, ел өміріне серпіліс беретін жағымды жаңалықтарға куә болып,  халықтың өмір сүру сапасын арттырып, əлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған жолдауы туралы кеңінен əңгіме өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды. Әсіресе, көпшіліктің көкейінде жүрген ұстаз мәртебесінің артуы, жалақының өсуі, жастарға деген мемлекеттік қамқорлық секілді мәселелер педагогтардың көңіліне жақсы әсер етті.