ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылы 30 қыркүйекте ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған қалалық қашықтық оқуларын өткізді. Байқау мақсаты – оқушылар арасында ақын шығармашылығын насихаттау. Оқуға қаланың 27 жалпы білім беру мектептерінен 5-11 сыныптың 96 оқушысы қатысты. Соның ішінде «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағыты бойынша I дәрежелі дипломмен 11 «Ә» сынып оқушысы Бейсембай Камила марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі Райгүл Базылқызы Байманова.