Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«18 қазан- Рухани келісім күні» атты тәрбие сағаты өткізілді
18-10-2021 15:38
 «18 қазан- Рухани келісім күні» атты тәрбие сағаты өткізілді
Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «18 қазан- Рухани келісім күні» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына жергілікті «Әбу Бәкір Садық мешітінің» бас имамы Біржан Бақытұлы сыйлы қонағы болды. 
Тарихы терең, шежіресі шерлі қазақ халқы қашаннан да бауыры кең, құшағы ашық ел болғанын барша жұрт мойындайды. Оны біз жеріміздің кеңдігімен ғана емес, пейліміздің кеңдігімен де, ырысты тірлігімізбен ғана емес, ынтымақты бірлігімізбен де дәлелдеп отырмыз. Бүгінде тәуелсіз елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері жасап жатыр деп мақтанамыз.
Қашан да татулығы жарасқан, ауыз бірлігі мен достастығы үйлесім тапқан ел бір арнаға түйісіп, халықтың тілегі мен ынта – ниеті асыл, тілек – армандары орындалып, бақытты қоғам әрі бейғам өмір кешетіндігі ежелден белгілі. 
Сол себепті бабаларымыздың: «Бірлігі барды – жау алмайды» немесе «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген ұлағатты сөздің астарында ауыз бірлік пен татулықтың ел тыныштығын негіздегені сол замандарда – ақ кемеңгерлігімен дөп басып айтқан ғой. Ұлан байтақ Қазақстан елі көп ұлтты, көп конфессиялы, әлденеше мәдениеттер тоғысқан мемлекет екені баршаға мәлім. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік сүйгіш салиқалы саясаты, парасатты басшылығы арқасында мемлекетімізде жүзден астам алуан тіл мен дінді, түрлі діл мен мәдениетті ұлттар мен ұлыстар өзара ауыз бірлік пен ынтымақта тату – тәтті өмір сүріп келеді. 
Рухани келісім – біздің ұлттымызға тән  үлкенді сыйлау, отбасына құр¬мет, балаларға  қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар берік орнықты. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ.