Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Адрес: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының ұйымдастыруымен «Мен актер боламын» атты сайысы
22-10-2021 14:30
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының ұйымдастыруымен «Мен актер боламын» атты сайысы

 

 

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының ұйымдастыруымен «Мен актер боламын» атты сайыс қалалық білім беретін мектептердің арасында өткізілді.

 Сайыстың мақсаты: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сахна өнерін насихаттау, қойылым арқылы актерлік  қабілеті бар дарынды жас өнерпаздарды анықтау.

Қала мектептерінен 7-10 сынып аралығындағы 17 оқушы өз бақтарын сынап, дарынды жас өнерпаздарымыз актерлік шеберліктерін ортаға салды. Біздің мектебімізден 8 «А» сынып оқушысы Шакарымова Адия Оралхан Бөкейдің  «Атау кере» повесінен Тағанның монологын нақышына келтіре оқып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Байгулова Бақытжан Каиргелдіқызы. Марапаттау рәсімі  тікелей эфирде Павлодар қаласы  «Ертіс таңы» атты телеарнада өтті. Жеңіс тұғырынан көріне берсін!