«Ғарышкерлер күнінің» 50-жылдығына орай өткізілген іс-шаралар жөнінде ақпарат
7-11 сыныптар арасында ең үздік шығарма сайысы өткізіліп, тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен конференция сабақтары өтті. Сонымен қатар мектеп кітапханашысы О.Н.Садвакасова мен аға тәлімгер Р.Қ.Молдашбековалар кітап көрмесін ұйымдастырып, «Қазақстандықтар мақтанышы - Байқоңыр» атты баяндама оқылды. Баяндама оқу барысында ғарыш кемесі ұшатын жер туралы бейне фильмдер көрсетілді. Оқушылар Байқоңыр және ғарышкерлер туралы көптеген мәліметтер алды.