"Менің роботым"атты ІV қалалық олимпиада өткізілді
Оқушылардың роботтарды бағдарламалау дағдыларын жетілдіру мақсатында 2022 жылғы 28 сәуірде № 25 ЖОМ робототехника бойынша "Менің роботым"атты ІV қалалық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға қаланың 26 мектебінен 39 команда құрамында 88 оқушы қатысты. Мектебіміздің «Болашақ» командасы, құрамында Сагинов Ансар және Сапаргалиев Айтуар жүлделі 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз!