Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ТОП ЖАРҒАН - 2022» атты мектеп оқушыларын салтанатты марапаттау күні аталып өтілді.
23-05-2022 12:57
«ТОП ЖАРҒАН - 2022» атты мектеп оқушыларын салтанатты марапаттау күні аталып өтілді.

21.05.2022 жылы Қ. Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің білім ордасында «Балалар жылы - 2022» мерекелеуге байланысты «ТОП ЖАРҒАН - 2022» атты мектеп оқушыларын салтанатты марапаттау күні аталып өтілді. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күнге орай болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, білім бұлағынан сусындап жүрген, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейде интеллектуалды марафон, байқау түрлеріне қатысып жүлделі орындарға ие болған, олимпиада жеңімпаздары мен спорттық жетістіктерге қол жеткізген оқушыларымыз бен оларға тәрбие берген ата – аналары да құрметпен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде оқушыларға «Шығармашылық шыңы», «Зияткерлік шыңы», «Спорттық шыңы» номинациясы бойынша мадақтамалар беріліп, кубоктар табысталды. Соңы концерттік бағдарламамен ұласты. Салтанатты жиын барысында мектебіміздің өнерлі оқушылары өз өнерлерін ортаға салып паш етті. Салтанатты марапаттауға келген құрметті де, сыйлы қонақтарымыз бен ата – аналарымыз жетістікке жеткен оқушыларымызды шын жүректен құттықтап, ақ жол тілеп, өз ризашылықтарын білдіріп, шашу шашып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.