Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Адрес: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Алтын күз» мерекесі
10-10-2022 11:56
«Алтын күз» мерекесі

Берекелі әрі мерекелі күз айларында аталып өтетін кештердің бірі «Алтын күз» мерекесі. Күз мезгілінде сап-сары алтындай күйге енетін табиғат көркі, пісіп- жетілген жемістер адам жанына берер жылуы мол. Күз табиғаттың  әр түске боялатын мезгілі.
     Мектебімізде берекелі күзге арналған 1-11 сыныптары арасында  мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар мерекені сайыс түрінде өткізді.
Ең үздік “Күз ханшайымы мен ханзада" анықталды. Мерекелік іс-шараға  әділ-қазылар және қонақтар қатысты. Әділқазы алқасы әділ бағасын беріп, әрбір кезеңге түсініктеме беріп отырды. Жалпы кеш  жоғары деңгейде болып, қызықты әрі есте қаларлықтай әсер қалдырды.Сайыскерлердің бәрі мақтау қағазымен, грамоталармен марапатталды. Кешке жауапты ұстаздар  өздерінің  жауапкершік қабілеттері мол екендігін көрсетті.  Кеш мақсаты оқушылардың  әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысуы, біліммен қатар өнерді бірге алып жүруге дағдыландыру,  уақыттарын көңілді өткізу. Осындай айдарлы кештер жыл бойына жалғасын табады деп сенеміз. Оқушылардың әлі де талай жақсы өнерлерін көреміз деген ойдамыз.