Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Абай бол!
30-11-2022 16:07
Абай бол!

Алаяқтардың айлаларына қалай түспеу керек. Қаржы пирамидаларының белгілері қандай. Өзіңізді және деректеріңізді қалай қорғауға болады.

Бұл туралы Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің екінші жедел басқармасы бастығының орынбасары Серік Мүсілімовпен жоғары сынып оқушыларымен кездесуінде айтылды.

Серік Жұмабайұлы департаменттің қызметі экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталғанын айтты. Ол халықтың қаржылық қауіпсіздігі мен қаржылық сауаттылығы тақырыбына ерекше тоқталды.
Бүгінгі таңда интернет және телефон алаяқтарының түрлері көп, қаржылық пирамидалар, алаяқтар үнемі жаңа және жаңа схемаларды ойлап табуда. Дегенмен, қырағы болу арқылы өзіңізді қорғай аласыз. Жеке деректеріңізді әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы, банктер мен дүкендердің менеджерлерімен телефон арқылы сөйлесу кезінде таратпау жеткілікті, әдетте оны үзген жөн. Чат арқылы жіберілген сілтемелерді баспаңыз және мұндай хабарламаларды өзіңіз қайта жібермеңіз.

Серік Жұмабайұлы қаскүнемдердің тұзағына түспеудің басқа да тәсілдеріне тоқталды.