7-8 сынып оқушыларына арналған гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша қалалық жасөспірімдер олимпиадасы

7-8 сынып оқушыларына арналған гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша қалалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Мектебімізден 8 А сынып оқушылары қатысып, 3 жүлделі орынға ие болды: қазақ тілі мен әдебиетінен Сулейменова Алтын ІІ орын (жетекшісі Мальшубаева Ш.С.),ағылшын тілінен Жанабай Нұрбек ІІ орын (жетекшісі Тастенова Д.А.),қазақстан тарихынан Сериков Алихан ІІІ орын (жетекшісі Тинезбаева Д. Х.). Құттықтаймыз