"Рахмет саған, әліппе!"

Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасты. Оқушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерімен көрермендерді таң қалдырды.