Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Абайла көктайғақ !!!
09-01-2023 12:40
Абайла көктайғақ !!!

Көктайғақ -сырғанақ беткейді түзететін қардың немесе мұздың қабаты. Көктайғақ – жаңбырдан кейін күннің сууынан пайда болған мұз қабаты. Ол көбінесе адамдар көп жүретін жерлерде және тратуарларда кездеседі. Жаяу жүргінші көктайғақ кезінде – құлап бір жерін жарақаттап алуы мүмкін және көлік астына түсіп қалу қауіпсіздігі бар. Суық түскеннен бастап жарақаттар (буынды ауырту, сынықтар, денені соғып алу т.б) саны артады.Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:
- Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:
- Сырғанамайтын, табанында ұсақ өрнектері бар аяқкиімдерді таңдаңыз. Сән қуушылардың биік өкшелі аяқ киімдерді кимегені жөн.
- Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.
- Егер мұзды жерді айналып өту мұмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:
- Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;
- Ылдилы жерлерден айналып өтуге тырысыңыз;
- Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз;
- Мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болсын, ауыр сөмкелер ұстамауға тырысыңыз. Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады.
- Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз.
- Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз.
- Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз.
- Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.
Мұз қатуы кезіндегі балалар және оқушылардың мұз үстінде қайғылы жағдайлардан ескерту ережесі
Балалар конькикиіп, бірер сағат мұзға шығуға шыдамсыздық танытады. Бірақтоған, өзен, көлбетінешығуғаасығуғаболмайды. Бірінші мұз өте қауіпті. Біздің облыста қараша-желтоқсан айларында мұз қата бастайды. Мұз бұл кезде жұқа, ауырды көтере алмайды,абайламасаң бұл қайғылы жағдайға әкеліп соғады.
Естесақтаңыздар! Балаларда тәжірбие жоқ, қауіпсіздік шараларын білмейді, өйткені әуестік сезімінен қауіпсіздік сезімі төмен, мұз үстіндегі ережені толық білмейді, сол себептен тез қайғыға ұшырайды, кейде өмірімен қоштасады.
Қайғылы окиға болдырмау үшін, балаларға қамқорлық білдіріңіздер! Балалардың өмірінсақтаныздар!