Құқық бұзушылықты алдын алу

Құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында 7-9 сынып оқушылары үшін Павлодар қаласы прокуратурасының қоғам мүддесін қорғау бөлімнің аға прокуроры Асель Бауыржанқызы Бейсембаева және Павлодар қаласы прокуратурасының қоғам мүддесін қорғау бөлімнің прокуроры Айжан Нұржанқызы Сартаева "Құқық бұзушылықтың, жазаның түрлері, жауапкершілік және буллинг", "Вейп" тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді. Кездесуге "Сенімен Болашақ" ұйымының басшысы Хызыр Жанарыс және көмекшісі Айбек Солтанборат шақырылды.