Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы мен С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Қ. Бекқожиннің 110 жылдығына орай “Ертістің қайратты қаламгері” атты игілікті іс-шараға
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы мен С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Қ. Бекқожиннің 110 жылдығына орай “Ертістің қайратты қаламгері” атты игілікті іс-шараға мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқып, тағылымы мол іс-шарадан үлкен ой түйіп қайтты.Кітапхана қорына қаламгер Жібек Досбайдың «Жылдар – ойлар» кітабы табысталды. Алматыдан ақын, ҚЖО мүшесі Бағдат Дүйсенов арнайы жолдаған кітапта Қ.Бекхожиннің шығармашылығына арналған мақалалары топтастырылған кітаптың тұсаукесерінің куәсі болды.