«ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ БАСТАУЫШЫМ» АТТЫ 4 СЫНЫПТАР АРАСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ.
![«ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ БАСТАУЫШЫМ» АТТЫ 4 СЫНЫПТАР АРАСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ.](/media/img/blogs/66506b5cb6def.jpeg)
23 мамыр күні «Қош бол, сүйікті бастауышым» атты 4 сыныптар арасында мерекелік іс-шара өтті. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатын, білім негізі, іргетасы – бастауыштан қаланатынына ерекше мән беріліп айтылды. Балалар үшін бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштасу аса маңызды. Мерекелік іс-шараға ата-аналар атсалысып, балалар өз жетістіктерімен бөлісіп, өнерлерін көрсетті.