Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тұңғыш Президенті күні мерекесі
06-12-2012 08:47

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында 2012 жылдың 29 қараша күні №12 жалпы орта білім беру мектебінде салтанатты түрде Президент кабинетінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні ойналды. Мектебіміздің директоры «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі»,- деп өзінің құттықтау сөзін жеткізді. Салтанатты рәсімге мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Елбасы жайлы бейнебаян көрсетілді. «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты көрме ұйымдастырылып, соңы оқушылардың шағын концертімен ұласты. Әр мектепте Президент кабинетінің ашылуы үлкен мәртебеге ие болды. Алдағы уақытта Президент кабинетінде кездесулер мен концерттік кештер өткізіліп отырылады.