«Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымына оқушыларды қабылдау
2012 жылдың 25 желтоқсанында сағат 13.00.-де Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінде «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Ұйымға мектебіміздің 185 оқушы қабылданды. Іс-шара барысында барлық ережелер сақталды. Мемлекеттік Рәміздерге құрмет көрсетілді, «Жас ұлан» туы көтерілді. Оқушылар ант беріп, концерттік бағдарламада патриоттық әндер орындалды.
Салтанатты жиынға осы мектептен зейнеткерлікке кеткен ардагер ұстаздар мен мектебіміздің түлегі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, шекара қызметінің қатардағы жауынгері Балықбаев Әділ келіп қатысты.