Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ақын ғасыр төрінде» қалалық семинар – практикумның қорытындысы
15-01-2013 03:53

 

   Мектебімізде 2012 жылдың 25 желтоқсанында қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Қалижан Бекқожинге арналған «Ақын ғасыр төрінде» атты семинар – практикум өткізілді. Қалалық семинар-практикумға қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.  

Семинар –практикумының ашылу уақыты сағат 09.00 –де болды. Семинар-практикумның ашылуына мектеп директоры Смагулова Майкен Қалымқызы мен ҚБББ-нің бас маманы Жүсіпова Ләйла Бажқызы өздерінің құттықтау сөздерін жеткізді. Сағат 09.10-09.20 –да «Балалықтан даналыққа бастар жол» атты баяндама оқылды. Баяндаманы оқыған №12 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабекова Айкен Айтмағамбетқызы.

Сағат 09.20-09.30-да «Қалижан Бекқожиннің ұлы ойшыл Абаймен сырласуы» атты баяндама оқылды. Баяндаманы оқыған №35 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Үзбен Айна. Осыдан кейін панорама сабақ көруге мұғалімдерді екі топқа бөлді. Сағат 09.45-10.15 –те «Ақын – драматург» атты панорама сабақты №17 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Талипова Эльмира Ермонтайқызы және «Ақын халық жүрегінде» атты панорама сабақты №12 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байманова Райгүл Базылқызы өткізді. Сағат 10.25-10.45-ке дейін панорама сабақтар туралы тәжірибе бөлісу болды. Екі мұғалімнің сабақтары да жүйелі, ойластырылып құрылған. Жасалған жұмыс түрлері, қолданған әдіс –тәсілдері көп болды. Сағат 10.50-ден бастап мәжіліс залында «Портреттер сыр шертеді» мұғалімдер арасындағы қалалық шығармалар сайысының, «Ақын және заман» оқушылар арасындағы қалалық шығармалар сайысының және «Қалижан Бекқожиннің қазақ әдебиетіндегі орны» оқушылар арасындағы қалалық ғылыми жоба сайысының марапаттау рәсімін ҚБББ-нің бас маманы Жүсіпова Ләйла Бажқызы өткізді. Мұғалімдер арасындағы қалалық шығармалар сайысында №12 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Смагулова Жанар Бағадатқызы I орынға ие болды. Оқушылар арасындағы қалалық шығармалар сайысында 9-сынып оқушысы Қашаева Нарғыз II орынға ие болды. Оқушылар арасындағы қалалық ғылыми жоба сайысында 8-сынып оқушысы  Бәкен Аяулым I орынға ие болды. Басқа да мектептен келген оқушылар мен мұғалімдер жүлделі орындармен марапатталды. «Ақын ғасыр төрінде семинар-практикумның жабылуы сағат 12.00-де аяқталды. Қорытынды семинар-практикум ұйымшылдықпен өте жақсы деген деңгейде өтті.