Телефон доверия
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Адрес: Павлодар, ул. Щедрина, 60
8 71 82 22 88 12
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
среда с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Құттықтау!!!
15-01-2013 03:56

 

    Мектебімізде 2012 жылдың 12 желтоқсанында халық жазушысы, жерлес ақынымыз Қалижан Бекқожиннің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатымен қалалық деңгейде «V  Қалижан оқулары» өтті. Бұл сайыста «Менің жырым өрен тасқын» мәнерлеп оқу  номинациясынан Қ. Бекқожин атындағы №12 мектептен қатысқан 6-сынып оқушысы Мағажанова Диана

II дәрежелі II орын дипломымен марапатталды.                                                «Туғаннан тың ғасырмен мен сырласпын» жас ақындарноминациясынан шығармашылығы үшін 8-сынып оқушысы Тілеуберген Бұлбұл II дәрежелі II орын дипломымен марапатталды. «Қалижан Бекқожин поэмаларының тілі» оқушылар арасындағы қалалық ғылыми жоба сайысында 8- сынып оқушысы Бәкен Аяулым I орын алғаны үшін мақтау қағазымен мараптталды.

Үлгілі, өнегелі оқушы болу - әр баланың міндеті. Әлпештеген ата –ананың, еліміздің, мектебіміздің үмітін ақтар білімді азаматы болуларыңа тілектеспіз. Ана тілдеріңді ардақтап, қасиетті қара өлеңнің құдіретін қадірлей біліңдер. Оқуда әрқашан алда болуларыңды тілейміз. Мағажанова Диана, Тілеуберген Бұлбұл Бәкен Аяулымдай талапты, талантты оқушылардың өнерлері өркендеп, әрдайым биіктерден көріне түссін. Мектебіміздің мәртебесін арттыратын осындай сапалы, саналы, білімді оқушылар көп болғай. Еліміздің аспаны ашық, жастарымыздың болашағы жарқын болсын. Жеңістерің құтты болсын. Әрқашан жас өрендермен мақтанайық!